Қазақстанның Франциядағы Мәдениет күндері аясында Париждегі Бранли – Жак Ширак жағалауындағы музейде «Қазақстан – Франция: мәдени диалогтан бірлескен жобаларға» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық копродукция және екі ел фильмдерін халықаралық нарықта ілгерілету мәселелері талқыланды.
Кездесуде 2025 жылы Каннда Қазақстанның Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Францияның Ұлттық кино және анимация орталығы (CNC) арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясындағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттарына басымдық берілді.
Тараптар қалыптасқан ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Соның бірі – Қазақстан, Франция, Нидерланд, Литва және Швецияның бірлескен копродукциясы негізінде түсірілген «Таңдау» фильмі. Картинаның әлемдік премьерасы Локарно халықаралық кинофестивалінде өтіп, кейін фильм халықаралық киноалаңдарда көрерменге ұсынылды.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали француздық әріптестермен кәсіби байланысты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтіп, мұндай ынтымақтастықтың бірлескен фильмдер түсіруге және қазақстандық киноның халықаралық кеңістіктегі танымалдығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
«Біз француздық әріптестермен ынтымақтастықты тәжірибе алмасумен ғана шектемейміз. Бұл – бірлескен жобалар жасауға, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және қазақстандық киноны халықаралық аудиторияға кеңінен танытуға мүмкіндік беретін маңызды бағыт. Бүгінде жүзеге асқан жобалар Қазақстан мен Франция арасындағы кино саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін көрсетіп отыр», – деді Құрманбек Жұмағали.
Француздық әріптестер де екіжақты ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтіп, бірлескен өндіріс, фильмдерді халықаралық деңгейде ілгерілету, аударма және дубляж бағыттарындағы өзара байланысты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.