Кино – тәрбие мен идеологияның маңызды құралы. Осы орайда Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны әрқашан қолдап келеді. Министр Аида Балаеваның бүгінгі бейнеүндеуі де киноиндустрия саласына деген жаңа лепті аңғартты.
«Мемлекеттік қолдаудың арқасында отандық киноиндустрия жаңа да жасампаз жолын қалыптастыруда. 2023 жылдың өзінде алдыңғы жылы қолға алынған 14 көркем, 2 деректі фильм аяқталып, 19 жаңа жобаның түсірілімі басталды. Биыл өткен жылы басталған 18 жаңа киножобаның тұсауы кесіледі. Сонымен қатар биылдан бастап мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу ережесіне жаңа өзгерістер енгізіліп отыр. Мақсат – Ұлттық киноны қолдау орталығы ұйымдастыратын конкурсты ашық әрі әділ өткізу», – деді А.Балаева.
Жаңа ереже бойынша киножобаларды іріктеу екі кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезеңде фильмдердің сценарийі немесе сценарий жоспарлары, ал екінші кезеңде сараптама кеңесі іріктеген киножобалардың қажетті құжаттары қаралады. Екінші кезең бойынша барлық өтініш беруші үміткерлерде анықталған қателерді түзеуге қосымша уақыт беріледі.
Питчинг ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі. Питчинг қорытындысында сараптама кеңесі әр категория бойынша шешім шығаруға күш салмақ.
«Орталық сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді. Конкурстық іріктеудің нәтижесі бойынша министрлік киножобаларды қаржыландыру туралы түпкілікті шешімді қабылдайды. Бұл ретте киножобаларлың талапқа сай келуі басты назарда болады. Бұл шаралар ел ішінде ғана емес, әлемдік кинонарықта өз орнын табатын отандық киноөндірісін жандандыруға мүмкіндік береді», – деді министр.
Айта кетейік, конкурстың барлық кезеңдеріне қатысты ақпараттар министрліктің және орталықтың интернет-ресурсында, әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында үздіксіз жарияланып отыратын болады.