Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы питчинг басталғанын хабарлайды. 18-20 маусым күндері аралығында киножобалар конкурсының 2 кезеңі бойынша іріктелген 87 киножобаның ашық қорғауы өткізіледі.
Маңызды жаңалықтың бірі – биыл мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу ережесіне жаңа өзгерістердің енгізілуі. Ережеге сәйкес, киногерлер үшін сценарий жазу, толымды ой қорытуға 3 ай уақыт берілді, бірінші кезеңде алдымен тек сценарийлер талданды. Екінші кезеңде құжаттар қаралып, анықталған қателерді түзетуге 3 күн уақыт берілді.
«Сараптап қарасақ, биылғы конкурсқа біршама өтінім келіп түсті. Анимация, деректі, ойын фильмдері санаты бойынша 465 өтінім тіркелген. Бұл ретте талаптар тасада қалмай, сценарийдің басым тақырыптарға сәйкес келуі, сюжет құрылымы мен драматургия принциптеріне баса назар аударылғанын айтқым келеді. Осылайша, 101 сценарий келесі кезеңге жолданды, ал екінші кезеңде 87 жоба іріктелді. Бүгінгі питчингте де Сараптама кеңесінің мүшелері ұлттық киноға сүбелі үлес қосатын кинокартиналарды іріктеуге бар күшін салады деген сенімім мол», – деді Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Орталық жанындағы сараптама кеңесінің құрамы жаңартылғанын да айту керек. Оның құрамына Сенат және Мәжіліс депутаттары, кино, әдебиет, мәдениет салаларының өкілдері қосылды. Кеңес мүшелері питчинг барысында әрбір киножобаға әр категория бойынша қорытынды береді.
«Жыл сайын өтетін конкурс – киномыздың бүгінгі ахуалын көрсететін бірден-бір маңызды сәт. Хичкокша айтар болсақ, жақсы фильмнің ең негізгі кепілі – сценарий, сценарий және тағы да сценарий. Сонан соң, әрине, режиссура. Екеуін бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Конкурс барысында осы дүниелерге маңыз берілуде. Жауапкершілікті терең сезініп, конкурс кезеңдерінде әділ шешім шығаруға, ашық конкурс өткізуге күш саламыз. Өйткені бұл шаралар ұлттық мүддеге, ұлттық идеологияға сәйкес келетін жобалардың артуына сеп болады», – деді киносыншы, «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Өнертану» кафедрасының профессоры Назира Мұқышева.