Іс-шаралар

Жас кинематографистерге арналған конкурстың нәтижелері жарияланды

Қазақстандағы Гете-Институт пен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы неміс кино сарапшысы Карл Шенфельдтің халықаралық онлайн-воркшопына қатысу үшін ұйымдастырылған конкурстың қорытындысын шығарды.

Мастер-класстардың бірінші сериясы ертең, 22 қыркүйекте, сағат 17.00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба жас қазақстандық кинематографистерге арналған білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылған және бірінші кезекте халықаралық нарықта жұмыс істеуді жоспарлап отырған продюсерлерге бағытталады. Сондай-ақ, семинар режиссерлер мен кинематографияның басқа да мамандық өкілдеріне қызықты болады.

22, 29 қыркүйек пен 6, 13 қазан күндері өтетін онлайн воркшопқа республиканың түрлі өңірлерінен 10 жас қыз-жігіттер қатысады. Онлайн форматтың арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар кинематография саласындағы білімдерін арттыруға мүмкіндік алады.

Қатысушылар тізімі:

1. Кристина Михайлова

2. Дана Сабитова

3. Эльдар Шибанов

4. Айжан Касымбек

5. Аян Сыдыманов

6. Алмас Жусупов

7. Анита Черных

8. Айгерим Кагарова

9. Асель Аушакимова

10. Максуд Сарсембаев

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және жемісті жұмыс тілейміз!

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласа аласыздар: +7 701 971 11 17.

Ақпарат үшін:

Карл Шенфельдтің кино индустриясы мен теледидарда отыз жылдан астам тәжірибесі бар. Оның BBC, Channel 4 / Film 4 және BFI-мен жасаған жобалары жаңа технологияларды қамтып, жаңа жұмыс үрдістерін енгізді және таланттардың халықаралық мансабына жол ашты. Карл «Мой брат Том» фильмінің жұлдызы Бен Уишоуға продюсерлік етті, режиссер Эдгар Рейцпен бірге «Родина III» телехикаясын, Tall Stories үшін көркем фильмдер сериясын шығарды және Raindance Rawtalent үшін Raindance өндірісін құрды. Сонымен қатар, ол Саймон Рамлидің «Живые и мертвые» фильміне продюсерлік етті. Киноиндустрияда үлкен тәжірибесі бар маман ретінде оны фестивальдерде, киномектептерде және оқу ұйымдарында, сондай-ақ Еуропа, Азия және Кариб бассейні елдеріндегі бірлескен өндіріс нарықтарында сөз сөйлеу үшін үнемі шақырады. Ол BAFTA дауыс беру құқығы бар мүшесі, швейцариялық кино өндірісінің Largo.ai стартап-кеңесшісі және Оксфордширдегі ScreenTalk негізін қалаушы. Сонымен қатар, Карл Британдық кино институтында және Оксфорд университетінде сценаристикадан сабақ береді, онда суретшілер мен зерттеушілердің шығармашылық қауымдастықтарын басқарады. Студенттік жұмыстары BBC, Netflix, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Германия кинотеатрларында, сонымен қатар Канн мен Берлинді қоса көптеген халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген.

Гёте-Институт – Германия Федеративті Республикасының мәдени мекемесі, оның бөлімшелері әлемнің көптеген елдерінде қызмет атқарады. Бұл мекеменің қызметі шет елдерде неміс тілін таратуға және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Гёте-Институт Германияның мәдени, қоғамдық және саяси өмірі туралы өзекті ақпаратты тарату арқылы бүкіл әлемге өз елі жайлы объективті ақпарат-мәлімет береді.

21.09.2021