Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы киножобаларды мемлекеттік қаржылай қолдауға үміткер жобаларға арналған конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі аясында сценарийлер мен сценарийлік жоспарларды қабылдауды аяқтады. Өтінімдерді қабылдау 1–6 наурыз (қоса алғанда) аралығында жүргізілді.
Биыл киножобалар конкурсына 323 өтінім келіп түсті. Ұсынылған материалдарды тексеру нәтижесінде 277 өтінім Сараптама кеңесінің қарауына жолданды.
Ең көп өтінім көркем (ойын) фильмдер секциясына түсті — 239. Оның ішінде 205 жоба Сараптама кеңесінің қарауына берілді. Анимация секциясына 37 өтінім түсіп, оның 28-і Сараптама кеңесіне жолданды. Деректі-хроникалы фильмдер санаты бойынша 47 өтінім беріліп, оның 44 жобасы сараптамалық қарауға жіберілді.
Қабылданбаған өтінімдер саны – 46, олардың 36-сы қайталанып жіберілген, 4 өтінімде сценарий анықталмады, 4 - әрбір секцияға екіден көп өтінім бергендер, 2 өтінім тиісті секцияға жіберілмеген.
Алдағы кезеңде Сараптама кеңесі ұсынылған сценарийлер мен сценарийлік жоспарларды тиісті секциялар бойынша қарастырады. Осы жұмыс қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне өтетін жобалар анықталады.
Сараптама кеңесіне жолданған өтінімдер тізімі төменде ұсынылған.