Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Мәскеуде өткен Еуразия кинематографиялық өнер академиясы мен «Бриллиантовая бабочка» халықаралық киножүлдесінің салтанатты таныстырылымына қатысты. Бұл іс-шара Еуразия аймағы мен басқа да елдердің киноиндустрия өкілдерін біріктіріп, елдер арасындағы мәдени ынтымақтастық жолындағы маңызды қадамға айналды.
Еуразиялық киноакадемияны құру және халықаралық киножүлдені тағайындау бастамасы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі мен Ресей мәдениет қоры тарапынан көтерілген. Академия кино саласындағы халықаралық әріптестікті дамыту, мәдени алмасу мен шығармашылық байланыстарды кеңейтуге арналған ашық алаң болуға бағытталған.

«Бриллиантовая бабочка» премиясы дәстүрлі құндылықтарды бөлісетін елдердің рухани және мәдени бірлігінің маңызды символына айналмақ. Алғашқы марапаттау рәсімі 2025 жылғы 5 желтоқсанда Мәскеуде өтеді. Бас жүлде иегері шамамен 1 миллион АҚШ долларынаие болады. Байқауға Еуразиялық киноакадемияға мүше елдермен қатар, басқа мемлекеттер де қатыса алады.
Шара Никита Михалков басқаратын «12» Шеберханасының сахнасында өтіп, әсерлі мәдени бағдарлама ұсынылды. Салтанатты ашылу Борис Березовскийдің фортепиано орындауымен және А.Н. Скрябин атындағы фестивальдік оркестрдің өнерімен көмкерілді. Кеш жүргізушісі – Ресейдің халық әртісі Сергей Безруков болды.
Киноакадемия жұмысына Қазақстан, Армения, Беларусь, Вьетнам, Венесуэла, Үндістан, Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да көптеген елдердің өкілдері қатысты.