Жаңалықтар

Аида Балаеваға Кино орталығының «Ботай. Ғайып ғалам» жобасы таныстырылды

2026-07-07 13:43
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға «Ботай. Ғайып ғалам» киножобасы таныстырылды.

Таныстырылым Астанада елорда күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Креативті орталығы ұйымдастырған «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» креативті жәрмеңкесі аясында өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты.
Жобаның режиссері Андрей Авдеев пен сценарий авторы Еркебұлан Әлімжанов фильмнің жұмысы туралы айтып берді. Қазіргі уақытта шытырман оқиғалы фильмнің түсірілімдері Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында өтіп жатыр. Авторлар туындының өңірдің бірегей тарихи-мәдени мұрасын насихаттаудағы маңызын атап өтті.

Еске сала кетейік, «Ботай. Ғайып ғалам» жобасы 2025 жылғы питчингтің жеңімпазы атанып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.