Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі жақты кездесуі аясында ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне шығаратын маңызды бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрінің қатысуымен өткен шарада ресми делегация мүшелері үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты. Соның ішінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Арменияның Кино қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумы бар.

Аталған меморандумда – кино және аудиовизуалды қызметті ілгерілетуге, мәдени байланыстарды нығайтуға және тараптар мемлекеттері арасында бірлескен киноөндірісті қолдауға бағытталған ынтымақтастық жайы көзделген. Сондай-ақ бұл құжатта Арменияда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының фильм көрсету бағдарламасын, Қазақстанда Армения Кино қорының фильм көрсету бағдарламасын іске асыру мүмкіндігін бағалау туралы да жазылған болатын. Алдағы уақытта екі елдің кинематографистері арасында байланыс орнап, түрлі шеберлік сыныптар мен тренинг бағдарламалар жасауда жоспарланған.
Айта кетейік, Кино орталығы бұған дейін де Канн кинофестивалі аясында Франция және Грузияның ұлттық киноорталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жуырда Ақтау қаласында өткен түркі әлемінің халықаралық «Қорқыт ата» кинофестивалі аясында да Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің кинематография саласындағы мемлекеттік ұйымдарымен өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге келген болатын.