16 қаңтарда Қазақстан кинотеатрларында «Тезек» фильмі жарыққа шықты. Бұл фильмге арқау болған оқиға қойшы ауылдың күнделікті күйбең тіршілігісияқты ғана көрінуі мүмкін. Алайда Көкпайдың жұмбақ жағдайда жылқысы жоғалып, оны іздеуге шыққан шопан мен қызы Ұлбаланың бастан кешкен жайттары көрерменді түрлі әсерге бөлейді. Жылқының жоғалуы, тезек теріп жүрген келіншектің толғағы, Көкпайдың анасын тоқ соғып, қыздарына иен далада шибөрінің кезігуі де шым-шытырық ойларға жетелейді. Фильмнің атауында да астар бар. Біз мән бере бермейтін кішкентай ғана детальдарға терең үңілу арқылы түрлі сезімдерге бойлайсыз.
Фильмнің режиссері киногерлер қауымына есімі жақсы таныс Бақыттас Санитас. Продюсері – Дина Нұрмұханова, сценарий авторы – Әділбек Бәкіров. Басты рөлдерді Ғазиз Сұрапаев, Тлектес Мейрамов, Майра Омар және Зарина Жақенова сомдайды. Сонымен қатар актерлер құрамында танымал әнші Ақбота Нұр-Сейтмағамбет те бар.
Фильм премьерасынан соң туынды Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында көрсетілді. 30 қаңтарда фильм Алматы және Қостанай облыстарында ұсынылды, алдағы уақытта көрсетілімді Қазақстанның басқа аймақтарында жалғастыру жоспарланған.
«Тезек» фильмі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.