Қазақ киносының күндері жалғасуда. Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан Ertis Promenade сахнасында «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді. Қала тұрғындары мен қонақтары Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған туындыны тегін тамашалай алды. Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Өңірдегі Қазақ киносы күндерінің бағдарламасына сондай-ақ «Ауыл», «Время патриотов», «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Боксер», «Қажымұқан», «Паралимпиец», «Ақын», «Братья» көркем фильмдері мен «Абайдың қара сөздері» деректі фильмдер циклі енгізілген. Барлық туындылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.
Жобаның басты мақсаты – ұлттық киноны қалың көрерменге қолжетімді ету, өңір тұрғындары мен қонақтарын отандық режиссерлердің шығармашылығымен таныстыру, сондай-ақ кинематография арқылы еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдер, ұлттық құндылықтар мен елге үлгі болған тұлғалар туралы кеңінен насихаттау.
Айта кетейік, мұндай бастамалар ұлттық киноны ілгерілетуге, елдің мәдени бірлігін нығайтуға және қоғамның отандық киноөндіріске деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.