новости казакша

Жуырда конкурс жарияланады

Бұған дейін мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу ережесіне жаңа өзгерістер енгізілгені хабарланды. Жақын арада жаңа конкурс жарияланар күн де алыс емес. Бұл туралы Ұлттық кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали айтты.

«Ережеге сәйкес, конкурстың бірінші кезеңінде әуелі сценарийлер қабылданып, үздіктері сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі. Бұл жерде ескеретін жайт, үміткерлер сценарийді конкурс жайлы хабарландыру жарияланғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Орталыққа электронды түрде жолдауы қажет. Бүгінгі есеппен қарасақ, киногерлер үшін сценарий жазу, толымды ой қорытуға 3 ай көлемінде уақыт берілген екен. Отандық киноиндустрия өкілдері осы аралықта ұлттық идеологияға сай келетін тұшымды дүние дайындайды деген сенімдеміз!», – деді Қ.Жұмағали.

Айта кетейік, бұған дейін орталық 2024 жылға арналған басым тақырыптарды жариялаған болатын.