«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қайта қабылдайтынын хабарлайды.
Дубляжға арналған фильмдерді іріктеуге қатысу үшін сізге 07.02.2024 пен 28.02.2024 ж. аралығында өтінішті қағаз және электронды түрде, сондай-ақ келесі құжаттар мен материалдарды мына сілтемеге жіберуіңіз керек:
1) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) Фильмдердің атаулары, сценарий авторы (авторлары), қоюшы-режиссер, кинематографиялық қызмет субъектілері туралы қысқаша ақпарат көрсетілетін, негізгі кейіпкерлер сипатталатын, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар қамтылатын фильмдердің презентациясы;
3) фильмдердің қысқаша мазмұны (синопсис);
4) фильмдерді дубляждау шығындарының сметасы;
5) кинематографиялық ұйыммен дубляж жасауды жүзеге асыруға ниет туралы шарттардың көшірмелері.
Шет тіліндегі құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде іріктелген фильмдердің тізімі олардың қысқаша мазмұнымен бірге www.kazakhcinema.kz сайтында алдын ала онлайн дауыс беру үшін орналастырылады, дауыс беру 20 жұмыс күніне созылады. Дауыс беруге кез-келген адам қатыса алады.
Онлайн-дауыс беру нәтижесінде іріктелген фильмдер бойынша өтінімдер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларына сәйкес Сараптамалық кеңестің қарауына берілетін болады.
Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №35 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 40 және 44-тармағында (3-параграф, " Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі") жазылған талаптарға сай болуы тиіс. Сондай-ақ, олардың авторлық құқықты сақтау саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес келетін контент құқық иеленушілерінен қазақ тіліне дубляж жасауға қажетті өкілеттіктері мен құқығы болуы тиіс.
Өтініш пен құжаттар пакетін қағаз түрінде өтініш берушілер жұмыс күндері сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 85, "Алматы" қонақ үйі, 2 қабат, "Алматы" конференц-залы және Астана қаласы, Мәңгілік ел 30, 3-қабат мекенжайлары бойынша ұсынады.
Конкурсқа қатысу туралы қосымша ақпаратты Киножобаларды өндіру бөлімінің сарапшысы Айгүл Измаганбетовадан (+ 7 707 125 73 68) алуға болады.
06.02.2024