22 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «САҚ» киностудиясы түсірген «Алан туралы аңыз» толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті.
Жоба 2023 жылғы байқауда жеңімпаз атанған.
Фильмнің сюжеті бойынша бейбіт қала Қаражал бастаған әскердің шабуылына ұшырап, тұрғындары басқыншылардың билігіне түседі. Қаладан әділетсіз қуылған батыр Барыстың ұлы Алан туған халқын қорғау үшін қайта оралады. Ол адал достары мен одақтастарының көмегімен қаланы азат ету жолындағы күреске түседі.
Фильм ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарды заманауи анимациямен және шытырман оқиғаларға толы динамикалық баяндаумен ұштастырады. Картинада батылдық, достық, әділдік пен мейірімділік тақырыптары қамтылған. Туынды шынайы батырдың күші тек ерлігінде ғана емес, жүрегінің ізгілігінде де екенін көрсетеді. Фильм алты жастан асқан көрермендерге арналған.
Кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали ұлттық киноны қолдаудың маңыздылығына тоқталып, төл мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін туындыларды көбейту қажеттігін атап өтіп: «Ұлттық киноны қолдаудағы басты мақсатымыздың бірі – төл мәдениетіміз бен құндылықтарымызды дәріптейтін туындылардың көбеюіне жол ашу. Әсіресе, балаларға арналған фильмдердің маңызы зор. Өйткені бала ертегі мен мультфильм арқылы дүниені танып, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді. Сондықтан жас ұрпақтың өз тілінде сөйлейтін, ұлттық болмысымызға жақын кейіпкерлермен бірге өсуі аса маңызды. Мұндай туындылар балалардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға, төл мәдениетімізді дәріптеуге және жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал ететініне сенім білдірді».
Фильмнің режиссері – Азамат Ерназаров. Сценарий авторлары – Бақытжан Құлжабаев, Батырхан Дәуренбеков және Азамат Ерназаров. Продюсері – Нуриддин Паттеев.
Тұсаукесерге отандық киноиндустрия өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ фильмнің шығармашылық тобы қатысты.