1941 жылы 12 қыркүйекте Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасқан болатын. 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан бастап «Қазақфильм») деп аталды. Қазақ киносының күні дәл осы датаға белгіленген. Қазан төңкерісінен кейін пайда болған қазақ киносының алғашқы туындысы ұлт батыры Амангелді Имановқа арналған. Одан кейін ұлт бейнесін, тағдырын, бүгіні мен кешегісін суреттейтін талай туынды дүниеге келді. Әсіресе, «Қыз Жібек», «Менің атым – Қожа», «Тақиялы періште» секілді фильмдер әлі күнге тұғырдан түспей келеді.
Отандық киноны дамытуға тәуелсіздік алғалы бері зор қолдау көрсетілгені де белгілі. Осы мақсатта Ұлттық киноны орталығы құрылды. Биыл 5 жылдығын атап өткен орталықтың қолдауымен 103 картинаның өндірісі аяқталған. Оның 68-і – көркем, 26- сы – деректі, 8-і – анимациялық фильмдер. Жыл соңына дейін тағы 16 фильмнің өндірісі аяқталады. Орайы келгенде айта кетсек, 2023 жылы басталған картиналардың ішінде Қазақстаннан бөлек, Франция (CNC), Нидерланды, сондай-ақ Литва Республикасы қаржыландыратын бірлескен фильмдер бар. Олар келесі жылы аяқталуы тиіс және ТМД елдерінде де, Еуропада да көрермен жүрегін жаулап алатын сапалы өнім шығады деген үміт бар. Келер жылдың жоспарында тағы бірқатар жоба белгіленіп отыр.
Қазіргі таңда көрермен жарқын жобаларға оң баға беруде. Оған толықметражды «Дос-Мұқасан», «Патриоттар уақыты», «Вurkit» экшн фильмі дәлел. Бұдан бөлек, биыл прокатқа шыққан «Алматы, я люблю тебя!», «Адам и Алма», «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Стоп, ночь», «Соңғы үкім» фильмдерін көрермен жылы қабылдады. Бұдан бөлек, орталық бағындырған биік бөлек. Мұның барлығы ортақ еңбек, шығармашылықтың шоқтығын көтеріп, ұлттық киноны, қазақ киносын дамытсам деп жүрген киногерлерлердің маңдай тері.