Құрметті киногерлер! Киножобаларды іріктеу конкурсы жарияланды. Жаңа іріктеу ережесінің жай-жапсары қандай, іріктеу кезеңдері нені қамтиды? Ұлттық киноны қолдау орталығы осы сұрақтарға жауап беру үшін консультация беруде.
Қоңырау шалыңыз, әлеуметтік желіде сұраңыз, тіпті бетпе-бет отырып білгім келеді десеңіз де біздің мамандар жауап беруге дайын. Бұл онлайн-оффлайн байланыс 8 сәуірден бастап конкурс аяқталғанға дейін жалғасады.
Қатысушылар жаңа ереже мен әрбір кезең бойынша нақты ақпаратты 8(7172) -72-56-70 нөмірі бойынша ала алады. Түсіндірме жұмыстары Алматы қаласы, Сәтпаев №16 а немесе Астана қаласы, Мәңгілік ел №30 мекенжайы бойынша орналасқан орталық кеңсесінде өтеді. Ол жерде кеңесшілер киноиндустрия өкілдерін дүйсенбі-жұма күндері аралығында қабылдауға дайын.
Ақпараттық қолдау көрсету мақсатында конкурстың барлық кезеңіне қатысты мағлұматтар орталықтың kazakhcinema.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады. Кері байланысты күшейту мақсатында әлеуметтік желілердегі kazakh.cinema ресми аккаунттарына да қажетті мәліметтер жарияланып отырады. Бұл – конкурс кезеңінде тәжірибелі мамандардан кеңес алуға таптырмас мүмкіндік.
Әріптестер, кері байланысты күшейтудегі мақсатымыз – сіздерге жаңашылдықты жатық тілмен жеткізу. Біз сіздерге жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетуге асықпыз!
Құрманбек Жұмағали,
Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы