Жаңалықтар

«Игроманка» әлеуметтік драмасының түсірілімі басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша PROTALENT продюсерлік орталығы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ қолдауымен «Игроманка» әлеуметтік драмасының түсірілімін бастады.

«Игроманка» жобасының режиссері – Алдияр Байракимов, ал қоюшы-операторы – Азамат Жанабеков. Аталмыш фильмнің сюжетіне қысқаша тоқталар болсақ, Жұлдыз есімді бас кейіпкер оқиға желісі бойынша құмар ойынның түбіне түсіп, диллемаға тап болады. Ол ойын мен баланың арасында таңдау жасауға мәжбүр. Фильмде кейіпкер дұрыс шешім қабылдауы үшін өзін-өзі тануы тиіс.

Бүгінде «Игроманканың» түсірілімі Бурабай ауданындағы Ұрымқай ауылдық округінде өтіп жатыр.

Алдияр Байракимов фильмде өте өзекті мәселенің көтеріліп отырғанын айтады. Себебі продакшнның бұл жобаны бастағанына екі жарым жыл уақыт өткен. Лудомания мәселесі бір жылдан астам уақыт бойы зерттелген.

Фильм 2025 жылы көрерменге жол тартпақ.

16.02.2024