Қазақ киносының күндері аясында СҚО-да танымал режиссер Талғат Теменовтың «Қара қыз» фильмі көрсетіледі. Бұл бастама Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған. Кинода Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі оқиғалар, қазақ қыздарының қайсарлығы суреттелген. Майдандағы сарбаз ерлігі, махаббат пен парасат – барлығы бір фильмге сыйып тұр.
Фильмде басты рөлдегі «Қара қыз» да ағасы мен ғашығы Асқарбектің артынан соғысқа аттанады. Оның шын есімі – Алмагүл. Алмагүл алдымен Алматыға кинорежисер оқуына түседі. Кейін ол соғыс операторы ретінде майдан алаңына аттанып, соғысты камерасына түсіреді. Сөйтіп күндердің бір күнінде Алмагүл объективі арқылы соғыс алаңында сүйіктісі Асқарбекті байқап қалады. Шығармашылық ұжымның айтуынша, бұл – махаббат, достық, патриотизм туралы туынды.
Фильм идеясын ең алғаш ұсынған – қазақ қыздарының арасынан шыққан кәсіби режиссер Дариға Тінәлина. Туындының түсірілімі СҚО-да басталған және Алматы облысы Ақши ауылында жалғасын тапқан. Сонымен қатар маңызды жобаны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталығы қолдаған.