Режиссер Жанана Құрмашева түсірген «Атамекен» деректі фильмі Азия-Тынық мұхиты аймағының үздік деректі фильмі аталымы бойынша беделді Asia Pacific Screen Awards (APSA) сыйлығына номинация алды. Бұл – Қазақстан тарихында отандық деректі фильмнің аталған сыйлыққа алғаш рет ұсынылуы. APSA киногерлер арасында «Азиялық Оскар» деп аталады және ол аймақтың ең маңызды кинематографиялық марапаттарының бірі саналады.
«Атамекен» фильмінде Семей қаласының тыныс-тіршілігі туралы баяндалады. Бұл шаһар Семей ядролық сынақ полигонының бұрынғы зардабымен өмір сүріп келеді. Фильм естелік пен адам төзімділігі туралы әрі поэтикалық туынды болып табылады. Картинада нәзіктік пен осалдық күштің бір көрінісі ретінде көрсетіледі. Түсірілімнің алғашқы кезеңі Семейде және бұрынғы полигонға жақын орналасқан Саржал ауылында өтті. Деректі туынды да куәгерлердің әңгімелері, ядролық сынақтардың салдары мен мұрағаттық материалдар қамтылған.

Фильм - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген болатын.
«Атамекен» халықаралық деңгейде де үлкен жетістікке жетті: оның әлемдік тұсаукесері Даниядағы CPH:DOX негізгі байқауында өтті. Одан кейін фильм Канададағы Hot Docs, Германиядағы DokFest Munich және Венгриядағы CineDocs Miskolc фестивальдерінде көрсетілді. Соңғысында ол басты жүлдені жеңіп алды.
Фильмнің продюсері Бану Рамазанова былай дейді:
«Бұл номинация – жай ғана мойындау емес, сонымен қатар Орталық Азияның деректі кино саласында жаңа күш орталығына айналып келе жатқанын дәлелдейді. Бүгінде олар біздің фильмдерді көреді, талқылайды, бағалайды. „Атамекен“ – ерекшелік емес, жаңа дәуірдің бастауы».

Қараша айында фильм Каир халықаралық кинофестивалінің бағдарламасында көрсетіледі. Asia Pacific Screen Awards марапатының табыстау рәсімі де қарашаның 27-сі күні өтеді.Asia Pacific Screen Awards (APSA) сыйлығы ЮНЕСКО мен FIAPF (Кинопродюсерлер қауымдастығының халықаралық федерациясының) қолдауымен құрылған және шамамен жиырма жыл бойы Азия-Тынық мұхиты аймағының үздік режиссерлері мен туындыларын марапаттап келеді. Бұл сыйлықтың лауреаттарының қатарында Асгар Фархади, Хирокадзу Корээда, Брилланте Мендоса, Чжан Имоу сынды әлемдік кинематографтың көрнекті өкілдері бар.