Жаңалықтар

«Алан туралы аңыз» – балалар контентіне үлес

Ұлттық кино орталығы балалар контентін шет қалдырған емес. Мәселен, өткен жылы питчингтен суырылып шыққан жобалардың арасында «Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі бар. «Сақ» киностудиясы жобаның мазмұнды шығуына күш салуда.

«Бала не оқып, не көріп жүр? Оның санасына қандай ақпарат құйылып жатыр?» деген сауалдардың өзектілігі қашанда жоғары. Бұл орайда Ұлттық кино орталығы балалар контентіне баса назар аударады. Мәселен, өткен жылы питчингтен суырылып шыққан жобалардың арасында «Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі бар.

«Сақ» киностудиясы жобаның мазмұны неғұрлым тартымды болса, ол баланың назарын соғұрлым көбірек тартатынына мән беруде. Себебі баланың санасы таза парақ сияқты, көргенінің барлығын бойына сіңіріп алады.

Сондықтан тақырыптық фильмдер түсіру кезінде баланың сұранысын дөп басып, ойынан шыға алатын контентке көбірек мән берілуі керек», – дейді Ұлттық кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
2024-06-13 14:55