Жаңалықтар

Қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Ресейде жеңіске жетті

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Шатырдағы екеу» фильмі Ханты-Мансийскіде өткен XXIII Халықаралық дебюттік кинофильмдер фестивалінде «Душа России. Мировое кино» номинациясында жеңіске жетті.

«Дух огня» – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивальдерінің бірі. Ол жас әрі жаңадан қалыптасқан режиссерлер үшін маңызды алаң болып табылады. Биыл фестиваль әлемнің 14 елінен келген кинодебюттарды жинады, олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар.
«Шатырдағы екеу» фильмі – режиссер Гүлшат Смағулованың дебюттік фильмі, онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Картина кездейсоқ кездесулер адамның тағдырын қалай өзгертетінін баяндайды.

Росконгресс Қорының жүлдесі фильмге мәдени құндылықтарды біріктіріп, олардың мәнін ашқаны үшін табысталып отыр.