Жаңалықтар

«Набат операциясы» фильмі 2 мамырдан бастап кинотеатрларда

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Набат операциясы» фильмі көрерменге жол тартпақ.

2 мамырдан бастап ел кинотеатрларында көрсетілетін тарихи картина құқық қорғау органдарының ерлігін суреттеп, патриотизмді дәріптейді.

Атыс, шабыстың көптігіне қарамастан, «Набат операциясы» құқық қорғау органы қызметкерлерінің көзсіз батырлығы мен операция туралы емес. Бұл – тағдырдың жазуымен осы автобусқа тап болған, қарапайым кепілге алынған адамдардың өміріндегі 20 сағатқа созылған оқиға және адами қасиеттерінің айқын көрінісін баяндайтын фильм. Фильмнің қоюшы режиссері – Рашид Сүлейменов. Қоюшы-операторы – Ернұр Рыспаев. Сценарий авторлары – Ильхам Джалилов, Рашид Сүлейменов, Рустам Азаматов.

Айта кету керек, 1992 жылы кезеңдестіру кезінде қашып кеткен 6 тұтқын Шиелі стансасы маңында қалааралық автобустың жолаушыларын кепілге алған. Ұзақ келіссөздерден кейін қарақшылар ұшақ талап етті. Бірақ нақты жоспарланған операцияның нәтижесінде барлық қылмыскердің көзін жойды. Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл бірде-бір адам жараланбаған әлемдегі бірінші операция болды.