Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Аталған фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Маңызды шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты.
Маңызды шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты.

Елші Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан ортақ жеңістің орнауына зор үлес қосқанын алға тартты. Қазақстандық дипломат екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы отандастарымыздың жауынгерлік және еңбек ерліктеріне назар аударды. Сондай-ақ В.Темірбаев майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен жанқиярлығын ерекше атап өтті.

Режиссер Бекболат Шекеровтың «1941 жылдың жазы» фильмі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық отрядтармен болған шайқастар туралы баяндайды. Кинокартина Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батылдығымен ерекшеленген көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяндық тарихын көрсетеді. Қазақстандық кинокартина болгар аудиториясының ерекше ықыласына бөленді.