Іс-шаралар

Siberiadoc сценарий жазу шеберханасы қазақстандық авторлардан өтінім қабылдауды бастайды

ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА

«SiberiaDOC» деректі фильм авторларына арналған білім беру семинарларының бағдарламасы Қазақстан азаматтары үшін 2021 жылғы білім беру бағдарламасына қатысуға арнайы өтінімдер қабылдауды жариялайды! «SiberiaDOC 2021» білім беру семинарының» негізгі міндеті - бірегей жобалары халықаралық деңгейде көрсетілуі мүмкін жаңа, талантты авторларды табу. Оларға жобаларын тексеріп, сценарийлерін пысықтауға көмектесу.

Білім беру бағдарламасының ұйымдастырушысы – Қазақстандағы Франция Елшілігінің (Нұр-Сұлтан), Француз институтының (Париж), Азаматтық қоғамды дамытуға арналған президенттік гранттар қорының (Мәскеу) және Сібір Федералды Университетінің (Красноярск) қолдауымен «Сібір кинокомиссиясы» ҚР АКЕҰ.

Қазақстандық авторлардан Красноярск қаласындағы «Siberiadoc» сценарий жазу шеберханасына» қатысуға өтінімдер қабылданады! Өтінімдерді 2021 жылғы 10 маусымға дейін www.siberiadoc.ru сайтында толтыруға болады. Семинарды өткізу кезінде авторлардың жолы мен тұратын жерінің ақысы төленеді. «Siberiadoc» сценарий жазу шеберханасы» 2021 жылғы 19-31 шілде аралығында Красноярск қаласында (Ресей) өтеді.

Семинардың жетекші әдіскері: Венсан Соррель (Франция) – Гренобля Университетінің «Деректі кино магистрі» бағыты бойынша аға оқытушысы, один из режиссеров программы REFLEX («Размышления о фильме как место переживаний») в MaisondelaCréation – REFLEX (Фильмді тәжірибе алаңы ретінде қарастыру) бағдарламасының режиссерлерінің бірі. «Кинематографист - спортсмен» (Витторио де Сетаның портреті), «Путешествие на Луну» (фильмнің материалдылығы туралы поэтикалық көрініс) фильмдерін, атақты кеңес режиссері туралы «Артавазд Пелешян. Режиссер - космонавт» фильмін шығарған.

Жоба қатысушыларына қойылатын талаптар:

  1. SiberiaDOC білім беру бағдарламасына 19 жастан асқан Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады;
  2. Жоғары білімнің болуы талап етілмейді, алайда кино немесе бейнематериалдармен, фотосуретпен, бейнелеу туындыларымен, басқа да мультимедиалық материалдармен (бұл туралы өмірбаянда көрсетуіңізді сұраймыз) шығармашылық жұмыс тәжірибесінің болуы (кәсіби немесе әуесқой) құпталады;
  3. Сабақтар орыс тілінде өтеді, бірақ барлық қатысушылардың ауызекі ағылшын тілін білуі құпталады!

* Ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу күні мен орнын өзгертуге құқылы, бұл туралы білім беру бағдарламасы басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірмей қатысушыларды хабардар етуге тиіс.

Білім беру семинарының ұйымдастырушыларының мақсаттары мен мәндеттері мынадай:

  • Ресей мен Қазақстанның жас авторлары үшін кино саласындағы заманауи мәдени-білім беру технологияларының қолжетімділігін арттыру. Жас авторлар фильмдерінің көркемдік сапасын жақсарту, деректі кинода жаңа авторлардың (режиссерлердің) пайда болуына ықпал ету.
  • жобаларды диагностикалау, терең талдау жүргізу, деректі фильм сценарийі мен жобасын дайындау;
  • сюжетпен жұмыс істеу және оны фильмнің сценарийіне айналдыру әдістерімен таныстыру;
  • жобаны іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді талқылау;
  • халықаралық деңгейдегі жобаларға қойылатын талаптармен таныстыру.

«SiberiaDOC сценарий жазу шеберханасы» семинарының бағдарламасы:

  • - Қатысушылардың материалдармен жеке жұмысы: осы тақырыпқа байланысты деректі фильмдерді қарау, жобаның нақты мақсаттары мен міндеттерін іздеу (мүмкіндігінше);
  • - Шебермен жеке жұмыс істеу: талдау, алдын ала түсірілімге дайындық, алдын ала түсірілімге дейін ықтимал нұсқаларды қарастыру;
  • - Жобаны өңдеудің бірінші кезеңі;
  • - Алдын ала түсірілімнен кейін өңделген жобаларды ұжымдық және жеке талдау;
  • - - Деректі фильмдердің күнделікті көрсетілімі және ұжымдық пікірталас.

Ұйымдастырушылар жобаларды қабылдамау себептерін түсіндірмеуге құқылы. Өтінімдер кері қайтарылмайды және рецензияланбайды. «Сценарий жазу шеберханаларына» іріктеу қорытындысы siberiadoc.ru сайтында жарияланатын болады.

Оқу

Оқу тегін.

Мыналарды қамтиды:

  • - Педагогикалық қамтамасыздандыру;
  • - Құжаттамаға қолжетімділік (фильмдер, шолу, арнаулы шығармалар);
  • - Семинарды өткізу кезеңіне тұратын жерді (регламентті толығырақ қараңыз), сондай-ақ тамақтануды төлеу;
  • - Красноярск қаласына дейін және кері жол.

Қатысуға өтінім беру үшін:

http://siberiadoc.ru/siberiadoc/zayavka-2021 2021 жылғы 10 маусым, сағат 23:59-ға дейін толтыру қажет.

Жоба жетекшісі – Ульяна Белецкая (siberiadoc@ya.ru )

Жоба тәлімгері – Николай Бем

Қосымша ақпарат сайтта: siberiadoc.ru

28.05.2021