Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 18-20 маусым күндері аралығында Алматыда киножобалар питчингін өткізді. Конкурстың 2 кезеңі бойынша іріктелген 87 жобаны Сараптама кеңесі жан-жақты қарап, ұлттық фильм деп танылуға үмітті киножобаларды талқылады. Бұл ретте талаптар тасада қалмай, сценарийдің басым тақырыптарға сәйкес келуі, сюжет құрылымы мен драматургия принциптеріне баса назар аударылды.
Талқылау аяқталғаннан кейін Сараптама кеңесінің мүшелері дауыс берді. Нәтижесінде ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті 29 киножоба Сараптама кеңесінің оң қорытындысына ие болып отыр.
Тізім мына сілтемеде қолжетімді
Айта кетейік, биылғы конкурсқа біршама өтінім келіп түсті. Анимация, деректі, ойын фильмдері санаты бойынша 465 өтінім тіркелген. Бірінші кезеңде 101 сценарий келесі кезеңге жолданса, екінші кезеңде 87 жоба іріктелді.