Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Қарағанды облыстық зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапхана «Қолжетімді кино» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – Қарағанды облысындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтардың қазіргі заманғы экрандық мәдениетке қолжетімділігін кеңейту.
Келісім аясында қазақстандық фильмдер тифлокомментарийлермен көрсетіліп, көру қабілеті бұзылған көрермендерге отандық кинематографтың атмосферасына енуге мүмкіндік жасалады. Бұл ынтымақтастық коммерциялық емес сипатқа ие және мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған.
«Меморандум аясында тифлофильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады. Тифлотүсініктемелі фильмдер аудиосипаттамамен қатар ұсынылады. Соның ішінде орталықтың қолдауымен түсірілген «Үміт сәулесі», «Боксер», «Бүркіт» және тағы да басқа картиналар бар. Атап айтқанда, «Үміт сәулесі» фильмі Париж Олимпиадасында топ жарған Ерғали Шамейдің ерік-жігерін баяндаса, «Боксер» фильмі Серік Сапиевтің спорттағы жетістіктерін паш етеді. Ал «Бүркіт» фильмі құқық қорғау органдарының көзсіз ерлігін дәріптейді. Алдағы уақытта бұдан басқа да отандық фильмдерімізді жүйелі ұсынып, бастаманы еліміздің өзге өңірлерінде жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Мәдениет пен өнер, кино барлығына бірдей қолжетімді болуы қажет. Біз бұл жобаның инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болатынына сенеміз!», – деді Ұлттық кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.