Жаңалықтар

Кино орталығы «Бүркітші» драмасының жұмыс нұсқасын бағалады

2026-04-14 18:06
Алматыда «Бүркітші» фильмінің жұмыс нұсқасының көрсетілімі өтті. Картина қазіргі қоғамдағы әлеуметтік және адамгершілік сипаттағы өзекті мәселелерді көтереді. Фильмнің жұмыс нұсқасын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшылығы бағалады.

Жоба жас режиссер Қуаныш Стахановтың жұмысы болып табылады. Фильм Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының базасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Кино орталығының қолдауымен түсірілуде.

«Өкінішке орай, қоғамда жиі кездесетін адам немқұрайлығы, полицияның орындалмаған міндеттері, туыстар тарапынан қатыгездік, қатерлі қылмыс сынды шынайы проблемалар көрініс табады. Әрине, ауыр дүниелер, бірақ сол арқылы фильм маңызды сұрақтарға назар аударады. Бұл кино қоғамға айтар ескерту деуге де болады», — деп атап өтті көрсетілім қорытындысы бойынша Кино орталығы Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Фильм өндірісін ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Картина отандық кино жарқын премьераларының біріне айналады деп күтілуде.