Режиссер Гүлшат Смағұлованың «Шатырдағы екеу» фильмі Үндістанда өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.
Сонымен қатар аталған фильм өткен жылы Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты. Кинокартинаны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен «SMAG Production» кинокомпаниясы түсірген.
«Шатырдағы екеу» – режиссер Гүлшат Смағұлованың тұңғыш режиссерлік дебюті. Ол 15 жылдан астам кино өндірісі саласында жұмыс істеп келеді. Фильмнің сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы суретшісі – Елена Айтова, ал қоюшы операторы – Александр Плотников. Түсірілім өткен жылдың көктемінде Алматы қаласы мен Алматы облысы Талғар ауданында өтті. Өткен жылы фильм қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шыққан. Мұнда тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.
Кинода Елдар Әбіш, Александр Черепанов, Лидия Ярцева (Ресей), Ольга Ландина, Евгений Задорожнев, Жанна Қуанышева, Дәулет Кекілбаев, Бағлан Нүрекенова сияқты жас әрі танымал актерлер ойнайды.