800-ден астам павлодарлық бүлдіршін Кино орталығының фильмдерін тегін тамашалады
Жазғы демалыс – жаңа әсерлерге толы кезең. Павлодар облысының жүздеген бүлдіршіні үшін бұл күндер отандық фильмдер мен мультфильмдердің тегін көрсетілімдері арқылы ерекше есте қалды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен еліміз бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан киносы күндері аясында, сондай-ақ балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізу мақсатында Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май, Баянауыл, Тереңкөл және Шарбақты аудандарының 800-ден астам баласы Кино орталығының қолдауымен түсірілген фильмдерді тегін тамашалады.
Жас көрермендерге «Тайқазан хикаясы», «Каникулы off-line 2», «Qaitadan», «Колыбельная», «Кенже қыз», «Караван историй», «Алтын адам», «Ева. Батыр-қыз», «Үміт сәулесі», «Жошы», «Бұйрабас», «Дерево Амен-аға» және басқа да көркем және анимациялық фильмдер ұсынылды.
Мұндай көрсетілімдер балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, заманауи қазақстандық киномен танысуына, сондай-ақ ұлттық мәдениетімізді, дәстүрімізді және еліміздің тарихын дәріптейтін туындыларды тамашалауына мүмкіндік береді