Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген фильмдер Кинопоиск онлайн-видеосервисіне орналастырылды. Онда 17 фильмнен тұратын арнайы тақырыптық жинақ ұсынылған.
Олардың ішінде «Патриоттар уақыты», «Каникулы off-line 2», «Дос-Мұқасан», «Қажымұкан», «SHULAMAH», «Ағайындылар», «Дала қасқыры» және басқа да маңызды тақырыптағы фильмдер бар. Алдағы уақытта бұл тізім толығатын болады.
«Біздің басты мақсатымыз – ұлттық киноны көрерменге қолжетімді ету. Әсіресе, цифрлық кеңістікте. Бұл ретте Кинопоиск – кең ауқымды платформа және біздің фильмдеріміздің арнайы сөреде орналасуы отандық кинематографистер мен көрермендер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз бұл серіктестік ұлттық киноны дамытуға ғана емес, жалпы біздің мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға да септігін тигізетініне сенімдімін», – деп атап өтті Ұлттық киноны қолдау орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Кинопоиск те өз кезегінде серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті: «Бұл бастамаға үлес қосқанымызға қуаныштымыз, себебі қазір қазақтілді контентке, қазақстандық киноға деген қызығушылық зор. Соның ішінде ұлт киносын ұлықтауды мақсат ететін Ұлттық кино орталығының фильмдері бойынша тақырыптық жинақты жүктеуіміз аудитория үшін пайдалы болары анық».
Кинопоиск –Яндекс Плюс жазылымына кіретін Қазақстандағы жетекші бейнесервис, оны 1,3 млн қазақстандық пайдаланады. Онлайн-кинотеатр ең табысты қазақстандық фильмдер мен мазмұнды сериалдарды ұсынады.