15 мамырдан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында әлеуметтік маңызды тақырыпты арқау еткен «Игроманка» толықметражды көркем фильмі прокатқа шығады. Фильм PROTALENT кинокомпаниясымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
«Игроманка» – бұл құмар ойындарға тәуелділікпен (лудоманиямен) күреске арналған терең психологиялық драма. Фильмде орта жастағы әйел – Жұлдыздың тағдыры суреттеледі. Ол ойынқұмарлықтың салдарынан отбасынан, жұмысынан және өмірге деген сенімінен айырылады. Өзінің тәуелділігін мойындау – оның сауығуға бастар алғашқы әрі маңызды қадамына айналады.
Фильм сценарийі нақты өмірден алынған оқиғаларға негізделген. Жобаны дайындау барысында авторлар бұрын осы «дертке» шалдыққан адамдармен сұхбаттасып, кәсіби психологтардың кеңесіне жүгінді. Бұл тәсіл экрандағы оқиғаның барынша шынайы әрі әсерлі болуын қамтамасыз етті.

Түсірілім жұмыстары Астана қаласында және Ақмола облысының көркем табиғаты аясында – Бурабайда өтті. Табиғи пейзаждар кейіпкердің ішкі драмасымен терең үйлесім таба отырып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды.
Фильмнің шығармашылық тобы:
Сондай-ақ фильмде: Жалғас Жанғазин, Бахтияр Қожа, Алтынай Нөгербек, Ләйло Бекназар, Саят Мерекенов, Жан Байжанбаев, Еркен Гүбашев, Сырым Қашқабаев және басқа да танымал актерлер ойнайды.
Продюсерлердің пікірі:
«Бұл фильм – шынайы тағдырлардан құралған драма. Біз психологиялық-реабилитациялық орталықтарға барып, тәуелділікпен күресіп жүрген адамдардың оқиғаларын тыңдадық. Шығармашылық топ мүшелерінің кейбірі осы процеске жеке қатысып, бұл дертпен бетпе-бет келген жандардың ішкі жан айқайын жүрекпен сезінді. Егер бұл фильм бір адамның өмірін өзгертіп, үміт сыйласа – біз үшін үлкен жеңіс болмақ», – дейді фильм авторлары.
«Игроманка» – қоғамға үндеу тастайтын, ойландыратын әрі үміт сыйлайтын шынайы драма. 15 мамырдан бастап кинотеатрға асығыңыз!
Фильмнің шығармашылық тобы:
- Режиссері – Алдияр Байракимов
- Қоюшы оператор – Азамат Жанабеков
- Продюсерлер – Ардақ Қасымбек, Дана Мутурғанова және Әсел Сағи
- Басты рөлде – Еуропада танылған, қазақ текті актриса Гүзел Жан