Жаңалықтар

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Министрліктер үйінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, мемлекеттік қолдауға үмітті киножобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды. Комиссия Сараптама кеңесі ұсынған, ұлттық идеологияға сай келетін жобаларды егжей-тегжейлі қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия ашық дауыс беріп, 18 жобаны қолдауға ұсыным берді (тізім төменде) . Енді киножобаларды қаржыландыру туралы түпкілікті шешімді Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.
Еске сала кетейік, биылғы Ұлттық киноны қолдау орталығының конкурсына анимация, деректі, ойын фильмдері санаты бойынша 465 өтінім тіркелген. Бірінші кезеңде 101 сценарий келесі кезеңге жолданса, екінші кезеңде 87 жоба іріктелді.

Ал 18-20 маусым күндері аралығында Алматыда киножобалар питчингі – ашық қорғау өткізіліп, 29 киножоба Сараптама кеңесінің оң қорытындысына ие болған болатын. Питчинг онлайн трансляция арқылы жүргізілді және конкурс ашықтыққа сүйене өткізілді.


2024-07-11 17:05