Швециядағы «Достар» қазақстандық қауымдастығы Қазақстандағы Ұлттық кино орталығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы мен ҚР Швециядағы Елшілігінің қолдауымен «KazakhFilmWeekend» фестивалін ұйымдастырды.
Фестивальдің ашылуы Filmhuset кино үйінде өтті. Шараға елшілер, қазақ диаспорасының өкілдері және швед журналистері бар 100-ден астам қонақ қатысты. Басқосуда ҚР Швециядағы елшісі Олжас Сүлейменов қос елдің арасындағы мәдени байланыстың маңызын атады.
Фестиваль аясында Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылған «Бауырына салу» фильмі мен режиссер Әділхан Ержановтың «Обучение Адемоки» кинокартинасы көрсетілді.