Солтүстік Қазақстанда қазақ киносының күндері жалғасуда
2025-04-08 15:35
Көрсетілімдер облыстың 13 ауданында өтуде: Айыртау, Ақжар, Уәлиханов, Тайынша және басқа да аудандарда. Бағдарламада түрлі жанр мен тақырыпты қамтитын фильмдер бар. Мысалы, «Жамбыл. Жаңа дәуір» және «Дос-Мұқасан» фильмдері көрермендерге ұлы тұлғалардың өмірімен танысуға мүмкіндік берсе, «Бауырына салу» картинасында қазақ халқының ерекше дәстүрі көрініс табады. Киносүйер қауымды отандық киноөндірістің жарқын туындыларымен танысуға шақырамыз!