Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қазақстандық фильмдерді кең аудиторияға қолжетімді ету жұмысын жалғастыруда. Осы бағыттағы кезекті қадам – Орталық пен Шығыс Қазақстан облысындағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды.
Меморандум аясында қазақстандық фильмдердің тифлокомментариймен көрсетілімдері басталды. Көрермендерге «Боксер», «Өмір», «Операция «Набат», «Стратегиялық маңызы бар ауыл», «Маншүк, менімен сөйлес», «Үміт сәулесі», «Амен-аға ағашы» және Орталықтың қолдауымен түсірілген басқа да фильмдер ұсынылып отыр. Көрсетілім форматы аудио сипаттама арқылы көру қабілеті бұзылған жандарға экрандағы оқиғаны толыққанды қабылдауға мүмкіндік береді.
«Жобаның географиясын кеңейту – инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды кезең. Біз ұлттық кино елдің әрбір азаматына қолжетімді болуы тиіс деп санаймыз. Шығыс Қазақстан облысымен меморандумға қол қою тифлокомментариймен фильм көрсетілімдерін ұйымдастыруға және өңірдің мәдени өміріне одан да көп көрерменді тартуға мүмкіндік беруде. Бұл біз үшін бір реттік акция емес, ұзақ мерзімді даму бағыты», – деді Орталықтың Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Аталған кітапхана 1969 жылы құрылған және облыста көру қабілеті бұзылған азаматтарға қызмет көрсететін жалғыз мекеме болып табылады.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханалармен де осындай меморандумдарға қол қойған болатын.