Ресейдің Астрахань қаласында Каспий теңізі елдерінің медиафорумы өтті. Ауқымды-шарада «Кино – коммуникация тілі» тақырыбында сессия ұйымдастырылды.
Жиында Қазақстан мен Түркіменстанда өткен Ресей кинофестивалі ерекше қызығушылық туғызғаны айтылды. Сонымен қатар 24 тамызда өтетін «Кино түні – 2024» мәдени шарасына ТМД-ның басқа елдерімен қатар «Каспий бестігі» де үлес қосатынына маңыз берілді.

Форумда Кино орталығы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Шүкенов Ресей кино қорының бастамаларына тоқталып, аймақтарда кинотеатр санын арттыру тәжірибесіне тоқталды.
«Ресейлік аймақтық кинематографияның, атап айтқанда Саха Республикасының (Якутия) озық тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Сонымен қатар Каспий маңы елдерінде ынтымақтасты жандандыру салаға жаңа леп сыйлайды деп санаймыз», – деді Б.Шүкенов.
Сонымен қатар ол кинематография саласындағы ынтымақтастықты реттейтін құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін айтып, Каспий өңірлерінде дәстүрлі кинофестиваль ұйымдастыру мәселесіне назар аударды.
Пікірталас қорытындысы бойынша MovieStart.ru бас редакторы Алевтина Колдунова ұсыныстарды қолдайтынын жеткізіп, ортақ жұмысқа серпін беру үшін тиімді тетіктер қарастыру қажеттігін айтты.