«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 5 наурызда киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады.
Ережеге сәйкес, конкурстың бірінші кезеңінде әуелі сценарий мен сценарий жоспарлары қабылданып, олар Сараптама кеңесінің қарауына жіберіледі. Бұл жерде ескеретін жайт, үміткерлер сценарийді конкурс жайлы хабарландыру жарияланғаннан бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, Кино орталығына электронды түрде жолдауы қажет.
Құжаттар 5 наурыз бен 13 наурызға дейін (12 наурыз сағат 23:59) дейін қабылданатынын еске саламыз.
Конкурстың І кезеңіне қажетті құжаттар
-Киножобалардың сценарийін немесе сценарийлік жоспарларын қарауға өтініш
-Ойын фильміне PDF форматындағы сценарий, анимациялық фильмге PDF форматындағы 2 басты кейіпкердің сценарийі мен эскизі, деректі және хроникалық фильмдерге арналған сценарий жоспары
-Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiмен қоса өтiнiш берушi мен сценарий немесе сценарий жоспары авторының арасындағы авторлық шарт немесе алдын ала шарт
Айта кетейік, конкурстық іріктеуге қатысу құқығына ие болу үшін үміткерлердің салық берешегінің болмауы, банкроттық рәсімге тартылмауы маңызды.