Жаңалықтар

«Шатырдағы екеу» фильмі көрерменге жол тартады

«Шатырдағы екеу» фильмі 21 қарашадан бастап ел кинотеатрларына жол тартады. Кинотуындыны Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен «SMAG Production» киностудиясы түсірген.

Фильм тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизм дертіне шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достықты баяндайды. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген.

«Шатырдағы екеу» – режиссер Гүлшат Смағұлованың тұңғыш режиссерлік дебюті. Ол 15 жылдан астам кино өндірісі саласында жұмыс істеп келеді. Фильмнің сценарий авторы – Жанна Тимофеева, қоюшы суретшісі – Елена Айтова, ал қоюшы операторы – Александр Плотников. Түсірілім биылғы жылдың көктемінде Алматы қаласы мен Алматы облысы Талғар ауданында өтті. Фильм қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шықпақ.

Кинода Елдар Әбіш, Александр Черепанов, Лидия Ярцева (Ресей), Ольга Ландина, Евгений Задорожнев, Жанна Қуанышева, Дәулет Кекілбаев, Бағлан Нүрекенова сияқты жас әрі танымал актерлер ойнайды.