Жаңалықтар

Конкурстық іріктеудің 2 кезеңі: құжат қабылдау аяқталуға жақын

Ұлттық киноны қолдау орталығы 2025 жылға арналған конкурстың екінші кезеңі жалғасып жатқанын еске салады.

Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен үміткерлер 2025 жылғы 13 мамырға дейін құжаттарын электронды түрде тапсыруы тиіс. Құжаттарды қабылдау уақыты сағат 18:00-де аяқталады. Өтінімдер Орталықтың ресми сайтындағы арнайы сілтеме арқылы қабылданады: https://kazakhcinema.kz/kz/konkurs_2025.

Үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

• Заңды тұлғалар – құқық қабілеттілігі, жеке тұлғалар – азаматтық әрекет қабілеттілігі болуы қажет;

• Салық органдарында 6 АЕК-тен жоғары берешегі болмауы тиіс;

•Банкроттық немесе тарату рәсімінде болмауы керек.



Егер құжаттар толық ұсынылмаса немесе қателіктер анықталса, өтінім иесіне оларды түзету үшін 3 жұмыс күні беріледі. Бұл – конкурстың әділ және ашық өтуін қамтамасыз ету шараларының бірі.

Ұлттық киноны қолдау орталығы барлық үміткерлерді белгіленген мерзімді өткізіп алмауға және құжаттарды толық әрі дұрыс тапсыруға шақырады. Уақыт аз қалды, асығыңыздар!