Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда мемлекеттік қолдауға үмітті киножобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды. Комиссия Сараптама кеңесі ұсынған, жоғары әлеуетке ие және отандық кинематографтың дамуына және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге үлес қоса алатын жобаларды қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия дауыс беріп, 16 жобаны қолдауға ұсыным берді. Енді киножобаларды қаржыландыру туралы түпкілікті шешімді Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.
Еске сала кетейік, биылғы конкурсқа қызығушылық өте жоғары болды. Жалпы конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 444 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 357 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 128 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 жоба питчингке жолдама алды.
9-12 маусым аралығында Алматы қаласында конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен киножобалардың питчингі өтті. Питчинг Кино орталықтың ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл конкурстың ашықтығы мен әділеттілігіне деген ұстанымды көрсетеді.