Жаңалықтар

Питчинг күнделігі: Бүгін ашық қорғаудың екінші күні

Мемлекеттік қаржыландыруға үміткер киножобалардың ашық қорғау кезеңі жалғасуда. Қорғауға байқаудың екі кезеңінен сүрінбей өткен 99 жоба қатысып жатыр.

Питчинг барысы Ұлттық киноны қолдау орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа өтінім қабылдау 2025 жылғы 13 наурызда аяқталған болатын. Биыл көркем, деректі және анимациялық фильмдер бағыттарында барлығы 444 өтінім түсті. Оның ішінде 357 жоба Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Бағалау нәтижесінде 128 жоба екінші кезеңге өтті. Құжаттарды толық тапсырған 99 жоба питчингке жолдама алды.

Питчингтің негізгі мақсаты –киножобалардың идеялық, көркемдік және өндірістік әлеуетін ашық қорғау форматында көрсету арқылы мемлекеттік қолдауға лайықтысын анықтау.