Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында режиссер Айхан Чатаеваның «Құт» атты фэнтези жанрындағы көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Рухани мұра, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұрпақтар сабақтастығы тақырыптарын арқау еткен туынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм 28 мамырдан бастап кең прокатқа шықты.
«Құт» фильмі – туған жерге деген махаббат, рухани құндылықтар мен ұрпақтар байланысы туралы көне түркі мифологиясының желісі негізінде өрбіген оқиға. Фильм оқиғалары шағын Ақтоғай ауылында, жазғы демалыс кезінде өтеді. Бас кейіпкер - Ақтоғайдың қадірменді ақсақалы Рақымбайдың немересі, жасөспірім Қайсар үшін шынайы өмір мен қиял тұтасып кеткен. Ол осы бір шағын ауылда, сонымен қатар өзі жақсы білетін көне түркі аңыздары әлемінде, Рухтар елшісінің данагөйлігін танып-түсінуге ұмтыла күн кешеді. Сондықтан да ол аңызда Қара Мергенге қарсы шыққан Қайсар батырдай өңінде Ақтоғайдың жеріне көз тіккен бүгінгі байшыкештерге қарсы шығады.
Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері Айхан Чатаева:
«Қазақ халқы ежелден табиғатпен үйлесімде өмір сүріп, Көк Тәңірді, Ұмай ананы, От пен Суды қастерлеген. Әсіресе ата-баба рухы сақталған туған жерді ерекше қадір тұтқан. Сол рухты мазалауға, жерді қорлауға немесе сатуға болмайды. Жерді қорғап, оның қасиетін келер ұрпаққа жеткізу қажет. Біздің фильм дәл осы құндылықтар туралы», – дейді.

Картинадағы басты рөлдерді Қонысбек Бекайдаров, Заңғар Тұрсынқазы, Әлия Бөпежанова және Болат Момынжанов сомдады. Сонымен қатар фильмге жас дебютанттар Бағдәулет Ақылбекұлы мен Айша Мақсотова, сондай-ақ танымал қазақстандық актерлер Дариға Күшкенбайқызы, Мұхтар Қапалбаев және Гүлмира Хасанова түскен.
Туындының көркемдік шешімін оператор Борис Трошев, қоюшы-суретші Алексей Шиндин, костюм суретшілері Ажар Әубәкірова мен Әлия Имашева жүзеге асырды. Фильм музыкасының авторы – Абылқайыр Жарасқан.
Фильмнің тұсаукесеріне картинаның шығармашылық ұжымы, Кино орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.