новости казакша

«Лето 1941 года» фильмінің көрсетілімі өтеді

Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында еліміздің бірқатар кинотеатрларында «Лето 1941 года» фильмінің тегін көрсетілімі өтеді. Ұлттық кино орталығы қолдаған фильм Отанға деген сүйіспеншілікті суреттейді.

Фильмнің режиссері, сценарий авторы Бекболат Шекеровтың айтуынша, фильм Әди Шәріповтың ерлігін баяндайды.

Айта кетейік, Әди Шәріповтың есімі елге таныс. Оның қаламынан туған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар», «Сахара қызы», «Дос сыры» атты шығармалары көпшілікті, бірнеше толқын ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Сондай-ақ ол әр жылдары Қазақ КСР Оқу министрінің орынбасары, Қаз КСР Оқу министрі, Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қаз КСР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инстиутының директоры қызметтерін абыроймен атқарған. Қоғам қайраткерінің азаматтық, адамгершілік қасиеттері, парасаттылығы көпке ғибрат береді.