Жаңалықтар

Орталық фильмдері «Еуразия» кинофестивалінде көрсетіледі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Joqtau», «Тезек» кинокартиналары және «Порожденный историей» деректі фильмі «Еуразия» кинофестивалінде көрсетіледі.

«Joqtau» дебюттік фильмі фестиваль аясындағы Орталық Азия және Түркі әлемі елдерінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Ал «Тезек» туындысы конкурстан тыс Eurasia KZ бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі. Ерекше оқиға бағдарламасында ««Порожденный историей» деректі фильмі ұсынылады.

Айта кету қажет, Орталық Азиядағы ең ірі XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 24–30 қарашасы аралығында Алматыда жалғасады. Биылғы фестивальге қатысатын елдердің кинематографиялық дәстүрлері де сан алуан. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Беларусь, Әзербайжан, Ресей бар.