Алматыда «Тревожная ночь» фильмінің түсірілімі басталды. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Фильм 2024 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпазы атанып, мемлекеттік бюджет есебінен «Meliora Group» кинокомпаниясы түсіруде.
Бұл жоба режиссер Әділ Мұсатаевтың алғашқы толықметражды жұмысы. Түсірілім алаңына жас шығармашылық топ жиналған. Олар қоюшы оператор-Есен Айтмұхамед, киноның қоюшы суретшісі – Инга Валерьевна, продюсері – Шолпан Джалимбетова.
«Тревожная ночь» – кибербуллинг құрбаны болған такси жүргізушісінің көзімен баяндалатын оқиға. Басты кейіпкер – үш қыздың әкесі, ол несие қарызын төлеу үшін шұғыл түрде ақша табуы қажет. Осы мақсатта ол түнде жолаушыларды тасымалдауға шығады. Көлігіне отырған жұмбақ қыз таңға дейінгі сапарына қомақты қаражат төлейді. Сол сәттен бастап көлік жүргізушінің өмірінде түсініксіз әрі тылсым оқиғалар орын ала бастайды.
Түсірілімнің басталу рәсіміне қатысқан Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали - «Біз көрермен жүрегіне жететін әлеуметтік маңызы бар тақырыптарға ерекше көңіл бөлеміз. Жас режиссерлер кино дамуына үлкен үлес қосып, жаңа есімдерді танытады әрі оның болашағын қалыптастырады. Сенімдімін, «Тревожная ночь» фильмінің шығармашылық тобы кибербуллинг мәселесіне қатысты маңызды ойды жеткізіп, көрерменге әсерлі де мазмұнды картинаны ұсынады» - деді.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен бүгінгі күнге дейін 118 фильмнің өндірісі аяқталды.