Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Қажымұқан» көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Бастама Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі ұйымдастырған мәдени семинар аясында жүзеге асты.
Мәдени іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, эфиопиялық беделді сарапшылар, Қазақстан достары клубының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
2024 жылы ұлттық прокатқа шыққан «Қажымұқан» фильмі көрермен тарапынан жоғары бағаланып, соңғы жылдардағы маңызды тарихи-өмірбаяндық туындылардың біріне айналды. Картинада қазақтың даңқты балуаны, әлемге әйгілі спортшы Қажымұқан Мұңайтпасұлының тағдыры мен күрескерлік жолы бейнеленеді.
Эфиопиялық көрермендер туындыны ыстық ықыласпен қабылдап, актерлердің кәсіби шеберлігіне, фильмнің көркемдік деңгейіне және Қажымұқан тұлғасының тарихи мәніне ерекше назар аударды