Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы отандық режиссерлердің 99 киножобасы 2025 жылғы питчингке өткенін хабарлайды.
Үздіктердің үздігі мемлекеттік қаржыландыруға ие болады және ұлттық фильм ретінде танылады.Сыннан сүрінбей өтіп, шешуші кезеңге жолдама алған жеңімпаздар тізімі мына сілтемеде.
Киножобалар байқауы 5 наурызда басталған болатын. Киножобаларды іріктеу конкурсына байланысты консультация жұмыстары қолға алынып, телефон қоңыраулары, оффлайн кездесу және әлеуметтік желідегі кері байланыс арқылы жүзеге асты. Киноорталықтың Астана қаласындағы кеңсесінде жеке консультациялар жүргізілді.
«Биыл конкурсқа 444 өтінім түсіп, 357-сі Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді. Нәтижесінде бірінші кезеңде 128 жоба іріктеліп алынды. Екінші кезеңде құжаттар пакеті қаралып, 99 жоба ашық қорғауға жіберіліп отыр.
Жауапкершілік арқалаған кеңес құрамына үздік жобаларды іріктеу оңай болған жоқ. Талаптар тасада қалмай, сценарийдің қаңтар айында жарияланған басым тақырыптарға сәйкес келуі, сюжет құрылымы мен драматургия принциптеріне баса назар аударылды.
Енді алдағы питчингте әділдік тұғырдан түспек емес. Барлық процесс киноорталықтың ресми YouTube-каналында онлайн-режимде көрсетіледі. Тиісінше Сараптама кеңесінің мүшелері де ұлттық киноға сүбелі үлес қосатын кинокартиналарды іріктеуге бар күш-жігерін салмақ», – дейді Ұлттық киноны қолдау орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Сараптама кеңесінің төрағасы Бауыржан Шүкенов те іріктеу кезеңдерінде атқарылған жұмыстың жай-жапсарын баяндады.
«Бізге әртүрлі жанрда жазылған көптеген жобалар келіп түсті – тарихи драмалар, фантастика, әлеуметтік тақырыптар. Авторлардың жады, болмыс, отбасы құндылықтары сияқты маңызды мәселелерді көтеруге ұмтылғаны қуантады. Бұл – қазақ киносының мазмұн жағынан дамып келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар, кейбір сценарийлерге тұтастық пен көрерменді баурап алатын қарқын жетіспеді. Кейбірі сериалға немесе фестивальдік форматқа жақындау болып шықты. Ал біз, ең алдымен, үлкен экранға арналған толықметражды кино күткен едік – айқын оқиға желісі, есте қалатын кейіпкерлер мен шынайы диалогтар болғанын қаладық.
Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, питчингке өткендерге сәттілік тілеймін! Біз сіздерді үлкен дайындықпен күтеміз», – деді Бауржан Қамалұлы.
Айта кетейік, алдағы уақытта Орталық сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында питчинг уақыты қосымша жарияланады және барлық процесс киноорталықтың ресми YouTube-каналында онлайн-режимде қолжетімді болады.