«Ароматное сердце» – терең әсерлі драма. Бұл – адам өзгерісінің күші, ағза донорлығы және өмір мен өлім шегінен тыс байланыс туралы оқиға. Басты кейіпкер – Самат, отбасына қатыгез, бұрын сотталған адам. Жүрек трансплантациясынан кейін оның өмірінде түсініксіз өзгерістер бола бастайды: бұрын-соңды сезінбеген эмоциялар, жаңа әдеттер, айналасына мүлде басқа көзқарас. Жақындары бұл өзгерістерді байқап, Самат мүлде басқа адамға айналғанын түсінеді. Бұл жұмбақтың жауабы – жүрек доноры болған қарапайым әрі мейірімді мектеп мұғалімінің өткен өмірінде жатыр.
Фильм шынайы оқиғаларға негізделген
Режиссер Максим Кодаров жүрек трансплантациясынан кейінгі тірі қалған адам мен донордың отбасын бейнелейтін фотосуретті көрген соң, фильм идеясы дүниеге келген. Осы әсерлі сәт тоғыз ай бойы жазылған сценарийге бастау болды.
«Бұл фильм арқылы біз тек донорлықтың маңызын емес, сондай-ақ адамның шын мәнінде өзгеруге қабілетті екенін көрсеткіміз келді. Бұл өзгеріске ешнәрсе кедергі бола алмайды», –дейді ол.
Фильм командасы:
Басты рөлдерде:
Ержан Нұрымбет, Айнұр Бермұхамбетова, Тагир Мирзадинов
«Ароматное сердце» – бұл тек көркем фильм ғана емес. Бұл – жүректе махаббатқа, үміт пен ішкі жаңғыруға орын бар екенін еске салатын туынды.
Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
21 тамыздан бастап кинотеатрларда көрсетіледі.

- Режиссер-қоюшы: Максим Кодаров
- Режиссер: Елена Бегайдарова
- Сценарий авторлары: Наталья Беспечная, Елена Вовнова, Максим Кодаров
- Продюсерлер: Саин Габдуллин, Сауле Кембулбаева