новости казакша

«Сыншылар таңдауы»: Кино орталығының фильмдері топ жарды

Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері дәстүрлі «Сыншылар таңдауы – 2024» киносыйлығында түрлі номинацияларды еншіледі. Биыл көрермендердің дауыс беруінің қорытындысы бойынша арнайы сыйлық тағайындалды.

«Үздік драмалық фильм» номинацияларында «Жел тоқтаған жер» фильмі жеңімпаз атанса, түсіру тобы «Үздік қоюшы-режиссер» және «Үздік әйел рөлі» номинацияларына ие болды. «Бүркіт» үздік жанрлық фильм аталымын алды.

Ал «Айқай» және «Бауырына салу» фильмдері «Үздік сценарист», «Үздік дебют» сынды марапаттарға ие болды. Бұл – орталықтың қолдауы көрнекті туындыларды жасауға және олардың сарапшылар мен аудиторияға танылуына ықпал ететінінің айқын дәлелі.