Жаңалықтар

«Күн ұясына батқанда» фильмі не жайлы?

2024-06-25 14:57
Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген, өткен жылы питчингтен өткен «Күн ұясына батқанда» фильмі ерекше сәттерді көз алдыңызға әкеледі.

Сценарий авторы, қоюшы режиссер Алмас Фазылдың фильмінде Болат Момынжанов, Дариға Күшекбаева мен Сағызбай Қарабалин секілді актерлар ойнайды. Алматы облысының әсем табиғаты, Тұзкөл, Жалаңаш, Шарынның сұлулығы – фильмнің локациясы.

Фильмде анасымен бірге саяхатқа шыққан жас фотограф көзтартар жерге тоқтайды. Осылайша, күн ұясына кіргенде өздеріне қатысты құпияны ашады. Фильмнің ұсынатын басты идеясы – жақыныңа құлақ түру, қиындықта қол созып, өткен мен келешекті бірге таразылау.