конкурс 2026 кз

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялады

Құрманбек Жұмағали: «Киножобаларды іріктеу 1 наурызда басталады»

Қазақстанда киножобаларды конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі басталды

Конкурс-2026: 277 өтінім Сараптама кеңесінің қарауына жіберілді

Киножобалар конкурсы: сарапшылар бірінші кезеңнің қорытындысын шығаруда